Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары
Астана қаласының Қаржы басқармасы Тәуелсіздік күні қарсаңында елорданың тұрғындары мен қонақтарын қасиетті қазақ жеріндегі бірлік, бейбітшілік және татулыққа жол ашқан күнмен құттықтайды.
Артта қалған 20 жыл ішінде жаңа егеменді Қазақстан әлемге танылмал, қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан арманы – халықаралық арнада елеулі табыстарға қол жеткізе отырып, мықты елдердің бірі болуға қол жеткізген екен. Қазақ халқы көп жылдардан бері алғаш рет өз тағдырын өзі шеше алатын, өз тарихын жасауға мүмкіндік алған елге айналды.
Осы күні барша халық ғасырлар бойғы күресте жеңіске жеткендердің ерліктерін құрмет тұтады, өз Отанының еркіндігі жолында күрескен ұлтымыздың қаһармандарына, мемлекет қайраткерлеріне, қазақ жерінің ұл-қыздарына құрмет көрсетеді. Бұл Ұлттық рухымызды және Ұлы да өркениетті еліміздің лайықты мұрагері – Тәуелсіз Отанымыздың дәстүрін қалыптастыратын, барлық ұлт өкілдерін біріктіретін Ұлы мейрам. Бүгінгі таңда Қазақстанның әр тұрғыны болашаққа сеніммен қарайды, өз елін мақтан тұтады, өзінің Қазақстан Республикасының Азаматы екендігіне мақтанады.
Өткен жолдарға байыппен қарасақ, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанымыздың әлемге танымал екендігіне және ядролық қарудан бас тартатын және этносаралық және конфессияаралық толеранттылық бірегей моделді қалыптастыратын, бейбітшілік сүйер ел ретінде үлкен абыройға ие болғандығына көзімізді жеткіземіз. Оның негізі тағдыр тәлкегінен Қазақстан жерінен орын тепкен барлық этностарды бауырына алған қазақ халқының ділі мен бай мәдениетінен тұрады. Экономикалық және әлеуметтік салалардағы зор прогресс, саяси тұрақтылық халықтың ортақ келісімі мен бірлігі – басты байлығы мен дәулетінің арқасында мүмкін болып отыр.
Бұл мереке әрқашан да бізге күш-қуат бере берсін және жеткіншек ұрпақтың Отанымыздың игілігі жолындағы мақсаттарына жетуге деген сенімін ұялатсын, Қазақстанның гүлденуі жолында келешектегі жақсы бастамалар мен орасан зор жоспарлардың қайнар көзі болып табылсын.
Бұл күні әр шаңырақ және әр отбасында мол дастархан жайылып, ізгі де игі тілектер қабыл болсын!
Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар!
Құрметпен
Б. Сағын